Воскресенье, 28.04.2024, 03:53
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 42
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2016 » Октябрь » 11 » Қарақат өзінің қуыршақтарын сатып алмайтын халықты сөгіп тастады
16:31
Қарақат өзінің қуыршақтарын сатып алмайтын халықты сөгіп тастады

Танымал әнші Қарақат Әбілдина отбасылық кәсібі - "Bal-bala" өнімін қымбатсынатындарды айыптап, көпшіліктің сынына ұшырады деп хабарлайдыNUR.KZ.

 

 

Қарақат өзінің қуыршақтарын сатып алмайтын халықты сөгіп тастады (фото)

ФОТО BALBALA_OFFICIAL ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ

"Осы Имашым себепкер болмаса "Бал-бала" ойыншықтары елімізде болар ма еді,болмас па еді?! 1-жасқа енді толған кезінде-ау деймін, достарымыз тусініксіз Шет тілде ән айтып, қимылдайтын көңілді ойыншық сыйлаған болатын. Баланың әлгі ойыншыққа қызыққаны соншама, сонымен бірге қимылдап, гууілдеп, қолынан тастамай ойнайтын болды. Бірақ ойыншықтың сапасы сын көтермей шамалы ғана ойнауға жарады. Міне, сол кезде, әкесі қазақша сөйлеп, ән салатын сапалы ойыншықтар шығару идеясымен жанданып, бірден іске кірісті. Күні бугінге дейін қыруар қаржысын құйып, қажыр-қайратын жұмсап, талмай, тынбай тер төгіп келеді. Ондағы мақсаты - ұрпақ тарбиесін жастайынан қолға алып, бөпелік шағынан құлақтарына ана тілімізді сіңіріп өссе деген ниеттен туғаны айтпаса да түсінікті", - деді ол

Қарақат өзінің қуыршақтарын сатып алмайтын халықты сөгіп тастады (фото)

ФОТО BALBALA_OFFICIAL ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ

Оның айтуынша, бүгінде "Бал бала" бренд болып қалыптасты. Бұл ойыншықтардың арқасында ұлының ел Әнұран тез жаттап, көптеген қазақша тақпақтарды миына құйып алғанын жеткізді әнші. Бұл тұста ол аталған ойыншықтардың бағасын қымбат дейтіндерге қайран қалатынын да жасырмай айтты. Оның айтуынша, бағасы 3000-8000 теңге аралығындағы ойыншықтар кез келгеннің қалтасы үшін қолжетімді. Себебі, базардағы қарапайым қылыштың өзі 12 000 тұрады", - деді ол

Қарақат өзінің қуыршақтарын сатып алмайтын халықты сөгіп тастады (фото)

ФОТО BALBALA_OFFICIAL ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ

"Бал-бала ойыншықтарының бағасы қымбат қалтамыз көтермейді дейтін жандарға шын қайран қаламын 3000 -нан басталатын 5, 6, 8000 деген баға қалайша қымбат дейсіз? Барлығымыз бала өсіріп отырмыз ненің қанша тұратынын жақсы білеміз. Дүкендерде пластмастан жасалған жәй қылыштың өзі 12000 теңге тұрады басқасын айтпағанда. Ондай мысалдарды келтіре беруге болады әрине...", - деген ол елге өз өнімін алуды ұсынды.

Қарақат өзінің қуыршақтарын сатып алмайтын халықты сөгіп тастады (фото)

БАҒАСЫ 6500 ТЕҢГЕ. ФОТО МЕН БАҒА BALBALA_OFFICIAL ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ

Әншінің бұл сөзі қарапайым желі қолданушыларының ашуына тиді.

Қарақат өзінің қуыршақтарын сатып алмайтын халықты сөгіп тастады (фото)

БАҒАСЫ 7500 ТЕҢГЕ. ФОТО МЕН БАҒА BALBALA_OFFICIAL ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ

"Қымбат, мен оны сатып әперсем үшеуіне де әперуім керек. Өйткені, олар таласып ойнайды. Үшеуін де бірдей көрем. Оған қалтам көтермейді. Барлық ата-ана қай балам жаман дейді. Қымбат, қымбат...", "3000ға, 5-8 мыңға ойыншық ала алмайтындар бар, оған неге таң қаласыз?! Жалпы, халықта 30 000 айлықпен күн көріп отырғандар көп. Бал-бала ойыншығы, олар үшін, әрине, қымбат", "Бал бала" алып көрмеппін, онсыз да баламыз өсіп жатыр, жүріп жатыр, əнұранын жаттап жатыр", "Әншілер бір сәт жерге түссе ғой. Қазақтың шынайы өмірімен танысып көрсе ғой.. Сол той жасайтын сорлы қазақтың несие алып той жасайтынын, сосын оны жылдап пайызымен төлейтінін білсе ғой... Қарақат әпкем-ау, көп қазақтың балаларына 4000 мың теңгенің аяқ киімін әпере алмай жүргенін көрсеңіз ғой... Үйлерінде ішер асы болмай жатқанын білсеңіз ғой.. Тіпті, 250 теңге тұратын алманың көп балаға арман екенін білсеңіз ғой.. Қайсыбірін жаза берейін, Аллаға шүкір дейміз, бірақ, сондай жағдайда отырған отбасыны көргенде өзегің өртеніп кетеді. Оны сіздерге түсіну қайда, ән айтқанмен, халықтың арасында жүрген адамдардың арасы жермен көктей шығар бәлкім", - деп жазды наразы болған қолданушылар.

Қарақат өзінің қуыршақтарын сатып алмайтын халықты сөгіп тастады (фото)

ФОТО BALBALA_OFFICIAL ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ

Атап айту керек, Қарақат пен Қыдырәлінің ойыншықтарының бағасы шын мәнінде 3000 теңгеден 90 000 теңгеге дейін жетеді. Мәселен, оның Қарақатша әндететін қуыршағын арнайы тапсырыспен 90 000 теңгеге алуға болады. Компания тапсырысты екі күннің ішінде орындап береді.

Просмотров: 349 | Добавил: rgk | Рейтинг: 0.0/0
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • База знаний uCoz
  • Copyright MyCorp © 2024Создать бесплатный сайт с uCoz