Воскресенье, 28.04.2024, 05:44
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 42
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2016 » Октябрь » 11 » Әкесінің атына көше бермей, мектепті "6"-ға оқыған шенеунік (фото)
16:31
Әкесінің атына көше бермей, мектепті "6"-ға оқыған шенеунік (фото)

Ауыл шаруашылығы министрі және вице-премьер Асқар Мырзахметов бұған дейін талай қызметті атқарған шенеунік. Бүгінгі күнге дейін еңбек өтілінде ол ОҚО басшылық тізгінінде ұзағынан отырды.

 

 

Әкесінің атына көше бермей, мектепті "6"-ға оқыған шенеунік (фото)

 

Әкім боп тұрған кезінде Мырзахметов қоқыс көрсе, ерінбестен оны жинап-теріп жүрген. Ал мектепте «ботаниктердің» қатарында болған. Шығармашылықтан да кенде болмаған.

Аймақтағы NUR.KZ  тілшісі вице-премьердің туған ауылына барып, ол туралы біраз мәлімет іздеп көрді.

АШМ және вице-премьер Асқар Мырзахметов Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Бәйдібек ауданында өмірге келген ол (автор: кейбір деректерге Шымкент қаласында дүниеге келген) әкесі Исабектің қызметіне байланысты жиі қоныс аударып тұрған. Балалық шағы Созақ ауданындағы Жартытөбе ауылында өткенімен Бәйдібек ауданындағы туыстарына жиі келіп тұрған екен. Бұл туралы Мырзахметовтің жеңгесі, яғни, әкесінің туған әпкесі Зәуре Мырзахметованың келіні Ботагөз Қалдарбекова айтып берді.

Әкесінің атына көше бермей, мектепті "6"-ға оқыған шенеунік (фото)

БОТАГӨЗ ҚАЛДАРБЕКОВА. ФОТО: ЖАНСАЯ ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

«Мен Асқарды оқушы кезінен білемін. Ол кезде жолдасым Бақытпен қыз бен жігіт боп кездесіп жүретінбіз. Сол кезде ағасының қасына Асқар жиі еріп келетін. Кейін Шымкенттегі мектепке ауысты. Біз де ол уақытта Шымкентте тұратынбыз. Жиі кездесіп тұрдық. Асқар менің ең жақсы көретін қайныларымның бірі» деп ағынан жарылды Қалдарбекова.

АШМ-нің туысының сөзіне сенсек, Мырзахметов бала күнінен зерек әрі салмақтылығымен ерекшеленген. Бала ұқсап секеңдемей, әр қадамын мұқият басқан. Талғамы да жоғары болған. Тазалыққа жаны құмар болып өскен ол табиғатты қорғауға ерекше атсалысқан. Бұл қасиеті әлі күнге дейін бойында бар.

«Облысқа әкім боп тұрған кезінде ауылға жиі келіп тұратын. Сол кезде қоқыс көрсе, көлігінен түсіп, қолымен жинап, өзімен бірге алып кететін. Ауылда Бөген өзені бар. Сол жаққа да барып тұратын. Онда да қоқыс көрсе теріп, «балалардың аяғына кіріп кетеді» деп тазалап жүретін. Жүрген жерінде «табиғатты аялаңдар» деп насихатын айтып жүреді. Мен келін боп түскенде ол жоғары оқу орнына енді түскен студент болды. Жалпы Асқар бала күнінен ауылшаруашылық саласына жақын боп өсті» деп әңгімесін жалғады Ботагөз Қалдарбекова.

 

Әкесінің атына көше бермей, мектепті "6"-ға оқыған шенеунік (фото)

 

Сонымен қатар Асқар Мырзахметов салт-дәстүр десе, ішкен асын жерге қоятындардың қатарынан екен.

Туыстарына бауырмал, мүмкіндігінше бастарын қосып, «арамыз үзіліп кетпесін» дегенді айтудан шаршамайтын көрінеді. Әлдекім сырқаттанып қалса, көңілін сұрамағанша жаны тыныш таппайтындардың қатарынан.

«Асқар сымбаты келіскен бала болды ғой мектеп кезінен. Әнді де керемет айтады. Баянда жақсы ойнайды» деп оның көпшілік білмейтін жаңа қырын жеңгесі жайып салды.

Бала Асқар демекші, Мырзахметов мектепте зерек оқушы болғаны соншалық, бірде геометрия пәнінен сабақ беретін ұстазы оның білгірлігіне таң қалып, дәптеріне «6» деген баға қойып беріпті. Студент кезінде де Мырзахметов ерекше ізденімпаздығымен көпшіліктің көзіне бірден түсіп жүрген. Спорттық шаралардан да тыс қалмаған.

Әкесінің атына көше бермей, мектепті "6"-ға оқыған шенеунік (фото)

АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ. ФОТО: OTYRAR.KZ

Мырзахметов  Оңтүстік Қазақстан облысына басшы кезінде қысқы спорт түрі шаңғы тебуге деген ерекше қызығушылығын байқатып қойды. Сонымен қатар суда жүзуде де алдына жан салмайды.

Алты жылдан астам уақыт ОҚО-ны басқарған Мырзахметовтің атқарған жұмысын жұртшылық әлі күнге дейін сағынышпен еске алып жүр. Соның ішінде Асанбай Асқаровтың қолдауымен бой көтерген дендросаябақ көпшіліктің есінде. Себебі билікке келген Мырзахметов аталған демалыс орнын қайта қалпына келтіріп, елдің алғысын алды. Одан өзге де аймақта бірқатар жұмыстар атқарылды.

«Даңқ» мемориалы, Тәуелсіздік саябағы, Неке сарайы дәл осы Мырзахметов басшылық етіп тұрған тұста бой көтерген нысандар. Әрине, ол әкімнің міндеті еді. Одан өзге Оңтүстіктің сол кездегі әкімі ел есінде салмақтылығымен де қалды. Эмоциясын жасыра білетін әкім талай шулы жиналыстарда өзін сабырлы ұстай білген.

Әкесінің атына көше бермей, мектепті "6"-ға оқыған шенеунік (фото)

ФОТО: OTYRAR.KZ

Бүгінде «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов министр әрі вице-премьер Асқар Мырзахметовтің туған інісі.

Естеріңізге салсақ, Абылай Мырзахметов Транспорт және коммуникация министрі кезінде қызметтен уақытша шеттеліп, кейін мүлдем креслосын босатты. Оған қомақты қаржыны жымқырды деген айып тағылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған еді.

Асқар Мырзахметовтің тағы бір інісі Алтай Мырзахметов кезінде кеден саласында еңбек еткенімен, кейіннен бизнеске кеткен. Вице-премьердің жалғыз қарындасы Шолпан Мырзахметова Шымкенттегі облыстық консультативтік диагностикалық медицина орталығында талай жылдан бері бас дәрігер қызметін атқарып жүр.

Әкесінің атына көше бермей, мектепті "6"-ға оқыған шенеунік (фото)

АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ БАССЕЙНДЕ. ФОТО: YUJANKA.KZ

АШМ және вице-премьердің жеңгесі Ботагөз Қалдарбекова Мырзахметовтің екі қызы мен бір ұлы барын айтқанымен, отбасы туралы басқа мәлімет бермеді. Әңгіме барысында бізге белгілі болғаны Ауыл шаруашылығы министрі жұбайымен студент кезінде танысқан. Министрдің жары да ОҚО тумасы екен.

Айтпақшы, Мырзахметовтің саясат әлеміндегі кейбір әріптестерінен ерекшелігі - өзгелер секілді ауылға не көшеге әкесінің болмаса өзге туысының атын беруге түбегейлі қарсы.

«Осыдан он жыл бұрын інісі Абылай бизнесте жүргенде Алтай үшеуі ауылға үлкен мешіт салып берді. Сол кезде ауылдағылар «мешітке әкелеріңнің атын беріңдер елге сыйлы адам ғой» дегенде "қайраткер емес, қарапайым адам" деп түпкілікті қарсы болды», - деді қайнысының қарапайымдылығын барынша жеткізгісі келген жеңгесі.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Просмотров: 358 | Добавил: rgk | Рейтинг: 0.0/0
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • База знаний uCoz
  • Copyright MyCorp © 2024Создать бесплатный сайт с uCoz