Пятница, 10.05.2024, 03:18
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 42
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2015 » Февраль » 6 » ҚАЗАҚ ТЫЙЫМДАРЫ
09:47
ҚАЗАҚ ТЫЙЫМДАРЫ

ҚАЗАҚ ТЫЙЫМДАРЫ

 

 

Қазақ аулында тәрбиелендіктен мен қазақтың басты тыйымдарын біліп өстім. Өмір сүрудің бұл заңдылықтарын басқа ұлт өкілдерінің білгені артықтық етпейді.

                                                  

         Герольд БЕЛЬГЕР. Жазушы.

                       «Казахское слово», 2009.187-бет.

 

            Ұлы далада өмір кешкен қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің қыр – сыры өте көп болған. Тыйымдардың дәл қай заманда пайда бола бастағаны белгісіз. Бірақ өте ертеде пайда болғандығын елімізде болған шетелдіктердің жазғандары куәландырады. Менандрдың жазбаларында Византия императоря Юстиннің Батыс Түркі қағанатына жолдаған Земарх бастаған елшілерінің қағанның Ордасында жын-шайтандардан тазарту үшін оттың арасынан өту салтының жасалынғаны тура баяндалады. Орталық Азияға ХІІІ ғасырда келген итальяндық Плано Крапини сол кездегі далалықтардың тыйымдары туралы былай деп жазғаны белгілі: «...олар көп нәрсені күнә деп санайды, пышақты отқа салуға болмайды, етті пышақпен қазаннан алуға болмайды, және оттың қасында балтамен отын шабуға болмайды, егер олай етілсе оттың басы жоғалады деп сенген; әрі жас құстарды аулауға немесе атуға болмайды екен; атты жүгенмен айдауға тыйым салынады; бір сүйекпен екінші сүйекті шағуға болмайды; ақты жерге төгуге болмайды. Үйде дәрет сындырған адам бұнысын әдейі істесе ол қалайда бақсыға көп ақы төлеп ластаған жерін тазартуы лазым. Бұлай етілмеген жағдайда ол өлтіру жазасына кесіледі». Жалпы қазақ халқының тыйымдарын бұзуға ханның да қараның да құқы болмаған.

            Көпшіліктің осынау пікірімен санаспай тек сал-серілер ғана өзін еркін ұстаған. Бірақ сайын даланың осынау еркін перзенттерінің іс-әрекеттерінде өзіндік бір наным-түсінік болатын. Мысалы ұлы Тәттімбет бірде жалғыз баласы қайтыс болған бір қарияға киіз үйдің табалдырығына отырып күй тартып қайғысына ортақ екенін білдірген. Қазақ табалдырық екі дүниені бөліп тұрады деп сенген. Осыны білетін Тәттімбет сері қарияға тірі адам тіршілігін жасайды дегенді меңзеп өзінше сабырлылыққа шақыру мақсатымен, табалдырықа отырған. Енді бірде Тәттімбет Абайдың атасы Өскенбайдың асына атынан түспей, қолына күнқағар шатырын қолына ұстап келгені де белгілі. Серінің бұнысы да ол дүниенің өз жүрісі болса, бұл дүниенің де тоқтамай дөңгеленіп жүре беретінін көпшілікке өзінше ишаратпен білдіруі болатын.

            Халық педагогикасының бір көрінісі болып табылатын тыйымдардың өмірде алатын орны ерекше. Жасы үлкендер өмір құндылықтарын сақтап қалу ниетімен тыйымдар арқылы жас ұрпақ өкілдеріне ненің жақсы, ненің жаман екенін түсіндіріп отырған. Әр тыйымның өзіндік тәрбиелік мәні мен міндеті бар. Осы тыйымдар жастарды көп шалыс қадам жасаудан сақтап отырған. Ұрпақтан ұрпаққа ауызекі түрде жеткізілген өмір тәжірибесі халықтың ұлт болып қалу жолында игілікті қызмет көрсетіп келді, әлі де солай. Мысалы:

Жерге түкірме, Жер-ана. Анасының бетіне ешкім түкірмейді;

            Нанды баспа – киесі ұрады;

            Жасы үлкеннің алдын кеспе, сөзін бөлме – бұл құрмет;

Бас киіммен ойнама, біреуге сыйлама – басыңа қонған бақтан айрыласың, басың бірікпейді;

            Ошаққа су құйма - өз отыңды өзің өшірме;

            Бос бесікті тербетпе – ұрпақсыз қаласың;

            Кешқұрым ұйқтама – жын-пері көшетін кез;

            Екі бүйіріңді таянба – қайғы-қасіреттің белгісі;

            Өтірік жылама – құдай жылатайын десе қиын емес;

            Табалдырықта тұрма – суыт хабар жеткізгеннің белгісі.

Ғасырлар бойы бір халықтың болмысы болып келген осы бір өмір ережелері қазіргі таңда да жас ұрпақ тәрбиелеуде өз маңызын жоғалтқан жоқ.

 

1. Адаммен қарым - қатынасқа байланысты тыйымдар

         Қазақ халқы даланың қиын табиғатыың ыңғайына қарай отырып өзінің тұрмыс-тіршілігін құра білді. Халық болып қалыптасуы да «кішінің үлкенді сыйлау» ережесіне бағынғандықтың жемісі. Бұл алтын ереже әлі де өз маңызын жойған жоқ. Қазақтардың бүгінгі күнде де үлкен адаммен «Сіз» деп сөйлесуі осының айғағы.

Жасы үлкеннің сөзін бөлме – в разговоре не перебивай старших;

Жасы үлкеннің жолын кеспе – не пересекай дорогу старшему;

Ата-анаңа қайда барасыз деп сұрама – не спрашивай родителей куда они идут;

Адамды санама – не считай людей;

Адамға пышақ кезенбе – не направляй нож на человека;

Адамды айналма – не ходи вокруг человека;

Адамға қарап түкірме – не плюйся в человека;

Әйел еркек жолын кеспейді – женщина не проходит перед мужчиной;

Жақсының жасын сұрама – не интересуйся возрастом собеседника;

Жаңа байығаннан қарыз сұрама – не проси взаимы у только что разбогатевшего;

Кемтарға күлме – не смейся над юродивым;

Кісі аяғынан аттама – не перешагивай через чужие ноги;

Кісіге қарап есінеме – не зевай на виду у людей;

Кісіге қарап керілме – не растягивайся на виду;

Кісіге қару кезенбе – не направляй оружие на человека;

Кісі жолын кеспе – не переходи дорогу перед старшим.

Қыздың төсегіне отырма – не садись на постель девушки;

Кісі мініне күлме – не смейся над плохим качествами человека;

Кісінің үстінен аттама – не перешагивай через человека;

Кісіні сұқ саусағыңмен шұқып көрсетпе – не показывай на человека пальцем;

Кісіден қайда барасың деп сұрама – не спрашивай у встречного куда он направяется;

Қонақтарды санама – не считай гостей;

Қонаққа берер затты сол қолмен берме – то что даешь гостю не протягивай левой рукой;

Үлкенге сыртыңды беріп отырма – не садись спиной к старшему.

 

2. Ай мен Күн және Тәулік мезгілдері, уақыт және апта күндеріне байланысты тыйымдар

         Сегізінші ғасырда жазылған Күлтегін жазуындағы:

                                    «Биікте көк тәңірі,

                                     Төменде қара жер жаралғанда,

            Екеуінің арасында адам баласы жаралған» деген жолдар бұл тиымдар қазақтардың бабалары ислам дініне дейін тәңірге сенгенінің, оны жоғарыда деп түсініп күн мен айды қасиетті санап төмендегі тыйымдардың пайда болу жолын дәлелдейді.

Айды шұқып көрсетпе – не показывай пальцем на луну;

Айға қарап дәрет сындырма – не опорожняйся в направлении луны;

Жеті түнде жүрме – не ходи глубокой ночью;

Жүрер жолыңның уақытын кесіп айтпа – не говори точное время выхода в путь;

Жұлдызды санама – не считай звезды;

Жұма күні кір жума – не стирай в пятницу;

Күн шықпай күл төкпе – не высыпай золу если не рассвело;

Күн бата жатпа – не ложись спать перед закатом;

Күн батқанда сыпырындыны далаға шығарма – не выбрасывй мусор на закате дня;

Күнге қарап дәрет сындырма – не опорожняйся в направлении солнца;

Қараңғыда киіз қақпа – не встряхивай кошму ночью;

Қараңғыда суға барма – за водой ночью не ходи;

Түнде түс жорыма – ночью не разгадывай сны;

Түнде айнаға қарама – ночью не смотрись в зеркало;

Түнде кір жайма – не развешивай белье ночью;

Түнде су басына барма – ночью к реке не ходи;

Түнде судың бетін ашық қойма – не оставляй воду открытой на ночь;

Түнде тырнақ алма – не стриги ногти ночью;

Түнде шаш алма – не стриги волосы ночью;

Түнде үй сыпырма – не подметай дом ночью;

Түн ішінде жылама – не плачь ночью;

Ымыртта күл төкпе – не высыпай в темноте пепел.

 

3. Су мен отқа байланысты тыйымдар

         Қазақтар байырғы заманда от пен суды қасиетті санаған. Оның себебі кең далада жан сақтау үшін денені жылытатын от пен шөлді қандыратын судың алар орны ерекше болды. Сондықтан су мен оттың киесі бар деп сенген.

Кірдің суын баспа – не наступай на воду стирки;

Кірдің суын есік алдына төкпе;

Күлті баспа – не наступай на золу;

Күлді шашпа – не рассыпай золу;

Отпен ойнама – не играй с огнем;

Отты аттама – не переступай огонь;

Отты теппе – не пинай огонь;

Отты үрлеме – не раздувай пламя;

Отты шашпа – не раскидывай огонь;

Отқа түкірме – не плюйся в огонь;

Отқа симе – не опорожняйся в огонь;

Суға дәрет сындырма – не опорожняйся в воду;

Суға түкірме – не плюй в воду;

Суды сапырма – не разливай воду громко;

Шелектегі суға аузыңды батырма – Воду из ведра пей только с краю.

 

4. Тағамдарға байланысты тыйымдар

         Атамзаманнан қазақтар ақты шындықтың, қараны сұмдықтың нышаны деп білген. Әрі адамның денсаулығын қамтамасыз ететін сүттен бастау алатын тағамдар да осы ойдың дұрыс екеніне себеп болған. Сондықтан өмірдің өзегі болып табылатын шындық пен ақ деп жалпы атпен аталатын сүт тағамдарына деген көзқарас қалыптасқан. Ал нан әрқашанда тағамның патшасы саналғандықтан қазақтар тағамның бұл түріне әлі күнге дейін көңілі ерекше. Бұған нанға деген құрметті дәлелдейтін «Наннан үлкен ештеңе жоқ» және басқа мақал-мәтелдер мен төмендегі тиымдар куә.          

Ақтың жуындысын ағып жатқан суға төкпе – не выливай остатки молочного продукта в проточную воду;

Ақты төкпе – не выливай молочное;

Ертеңгі асты тастама – не оставляй завтрак несьеденным;

Жер таянып отырып тамақ ішпе – не ешь опираясь рукой об землю;

Нанды төңкеріп қойма - не переворачивай хлеб;

Нанды бір қолыңмен үзбе - не ломай хдеб одной рукой;

Нанды баспа – не наступай на хлеб;

Нанды тастама – не кидайся хлебом;

Нанның үстіне басқа зат қойма – не ставь вещи на хлеб;

Нанды лақтырма – не выкидывай хлеб;

Тұзды баспа – не наступай на соль;

Таңғы асты тастама, кешкі асты бақпа – не оставляй завтрак, не следи за ужином.

 

5. Сөзге және күлкі мен көз жасына байланысты тыйымдар   

            Дала халқы дана халық болғаны оның сөз өнерінен көрінеді. «Өнер алды қызыл тіл» деген сөздің шығуы осының айғағы. Жақсылық та жамандық та  көбінесе сөзден келетін болғандықтан тұрмыс шырқы бұзылмас үшін адамдар сөзді абайлап қолдансын деп сөзге деген көзқарастарын тыйым арқылы білдірген.

Ант-су ішпе – попусту не клянись;

Бейуақытта жылама – не плачь вечером;

Жаман сөз айтпа – не сквернословь;

Қарғанба – не проклинай никого;

Өтірік жылама – не притворяйся плачущим;

Өтірік күлме – не пртворяйся смеющимся.

 

6. Ата – ене, күйеу мен қалыңдыққа байланысты тыйымдар   

         Жас жұбайлардан ең алдымен ата-енені сыйлауды талап ету арқылы жанұяның қалыптасуын, әрі сақтап қалуды қамтамасыз ету бағзы заманнан қалыптасқан әдет-ғұрып. Сондықтан алдын-ала тыйымдар көмегімен жастарға өздерін қалай ұстау керек екенін алдын ала білдіріп отырған. Әрі осы тыйымдар арқылы жас келіншектерді әлдебір қиыншылықтарға душар болудан сақтауға тырысқан.

Ата-енеңнің төсегіне отырма – не садись на постель тестя и тещи, свекра и свекрови;

Ата-енең жатқан жерге жатпа – не ложись туда где лежали тесть и теща, свекровь и свекорь;

Жас босанған ананы түнде суға жіберме – молодую роженицу не посылай ночью за водой;

Жас жұбайлардың төсегіне отырма – не садись на постель молодоженов;

Күйеуіңнен бұрын жатпа – не ложись раньше мужа.

7. Үйге байланысты тыйымдыр

         Қазақтар өздерінің тіршілікке деген көзққарасын үйге қатысты тыйымдар арқылы білдірген. Себебі бұл өмірдің барлық мәселелері үйге, үйлі болуға тіреледі. Мысалы бұрынғы заманда ауылға атпен шауып «ой, бауырым!» деп дауыстап біреудің қайтыс болғанын, немесе «аттан, аттан!» деп елге жау шапқанын хабарлайтын болғандықтан ауылға қарай атпен шабуды жамандыққа балаған.           

Босағада отырма – не садись у порога;

Босағаға сүйенбе – не опирайся на порог;

Босағаға тұрма – не наступай на порог;

Босағаны құшақтама – не обнимай порог;

Есікті құшақтама – не обнимай дверь;

Есікті теппе – не пинай дверь;

Үй айнала жүгірме – не бегай вокруг дома;

Үйді айналма – не ходи вокруг дома;

Үйге жүгіріп кірме – не вбегай в дом;

Үйге қарай жүгірме – не беги в сторону дома;

Үйге сыртыңмен кірме – не входи в дом вперед спиной;

Үйде ысқырма – не свисти дома;

Үйді сабама – не хлестай дом;

Үйіңе келгенге үйдей дауыңды айтпа – не рассказывай о своих проблемах вошедшему.

 

 8. Тұрмыстық бұйымдар мен құралдарына байланысты тыйымдар –

     запреты касающиеся домашней утвари

            Адамды адам ететін оның жан-жағына, күнделікті қолданыста жүрген заттарға деген көзқарасымен де байланысты екенін ерте пайымдаған қазақтар жас буын өкілдері осы заттардың өздеріне қолқанат екенін дұрыс түсінсін деп түрлі тиымдарды ойлап тапқан.

Арқанды аттама – не перешагивай через аркан.

Айырдың басын жоғары қаратып қойма – не ставь вилы головой вверх;

Балтаны аттама – не перешагивай через топор;

Дастарқанды ашық қалдырма – не оставляй дастархан раскрытым;

Дастарқанды қағазбен сүртпе – не вытирай дастархан бумагой;

Дастарқанды пышақпен қырма – не скреби дастархан ножом;

Дастарқанды баспа – не наступай на дастархан;

Дастарханды аттама – не перешагивай через дастархан;

Ескі сыпырғышты отқа жақпа – не сжигай старую метлу;

Желіні (көгенді ) аттама

Жер – ошақты аттама – не перешагивай через очаг;

Жер – ошақты айналып жүгірме – не бегай вокруг очага;

Жаяу қамшыланба – если пеший не взмахивай камчой – нагайкой;

Жақын адамыңа пышақ сыйлама – не дари нож близкому человеку;

Кесені төңкерме – не переворачивай пиалу, тарелку;

Кетік кесемен шай құйма – не наливай чай на треснутую пиалу;

Көсеуден аттама

Күректің сабын жоғары қаратып қойма – не ставь лопату ручкой вверх;

Күректің сабын аттама – не перешагивай лопату;

Қазанды төңкерме – не переворачивай казан;

Құр ерге мінбе – не садись на не покрытое седло;

Құрықтан аттама - не перешагивай через курык (палка с петлей для ловли лошадей);

Оқтаумен баланы ұрма – не бей скалкой ребенка;

Ожаумен баланы ұрма - не бей ребенка поварежкой;

Өлген адамға топырақ салғанда, күректі табаныңмен баспа;

Пышақты аузыңа салма – не клади нож в рот;

Пышақты ұшынан ұстама – не бери нож за конец;

Пышақтың жүзін жалама – не лижи лезвие ножа;

Пышақтың жүзін көкке қаратып қойма – не клади нож лезвием вверх;

Сыпырғының басын жоғары қаратып қойма – не ставь метлу вверх головой;

Сыпырғыны төрге қойма – не клади метлу на почетное место в доме;

Сыпырғыны көкке көтерме – не пднимай метлу над головой;

Сыпырғымен баланы ұрма – не бей ребенка метлой;

Таяқ таянба – не опирайся на палку;

Ыдысты теппе – не пинай посуду.

9. Аң мен құсқа, жан-жануарлар мен жәндіктерге байланысты тыйымдар

         Аң мен құстардың жаны бар деп қабылданғандықтан оларға деген көзқарас та ерекше болған. Мысалы пәктік пен шындықтың белгісі деп танылған аққуларды атуға болмайтыны көне заманнан келе жатқан тыйым. Әсіресе үй жануарларының адам өміріндегі алар орны оларды сақтау керек деген көзқарасты қалыптастырды.

Аққуды атпа – не стреляй в лебедя;

Құстың ұясын бұзба – не разоряй гнездо птицы;

Атқа теріс мінбе – не садись на коня лицом к крупе;

Аттың жүгенін аттама – не переступай .........      коня;

Жақсы аттың тісіне қарама – не рассматривай зубы хорошего коня;

Жылқыны басынан ұрма – не бей коня по голове;

Жыңғылмен ат қамшылама – не стегай лошадь травой;

Жас малдың тісін санама – не считай зубы молодого животного;

Итті теппе – не пинай собаку;

Итке ожаумен ас құйма – не наливай пищу собаке домашней поварежкой;

Қойдың үстінен аттама - не першагивай через овцу;

Құмырсқаның илеуін баспа – не наступай на муравьиный улей;

Малға кет деп зекіме – не кричи на животное;

Малға теріс қарап мінбе – не садись на животное задом наперед;

Малды басқа ұрма – не бей животное по голове;

Малды құр қол айдама – не погоняй животное рукой;

Малды теппе – не пинай животное;

Малдың желінген басын түнде лақтырма – не выкидывай сьеденную голову овцы ночью;

Малды теппе – не пинай животное;

Малға қарап симе – не опорожняйся в сторону животного;

Мал қорада дәрет сындырма – не опорожняйся в хлеве;

Мысықты ұстама – не трогай кошку;

Тірі малға көрсетіп басқа малды сойма – не режь животное на глазах у другого животного.

 

10. Дене мүшелеріне байланысты тыйымдар

         Дене мүшелеріне байланысты тыйымдар көшпелі халықтың жүріс-тұрыс жөнінде өзіндік ережелер қалыптастырғандығын айқындайды. Осы тыйымдар арқылы қазақтар адамның қоғамдық жерде өзін қалай ұстануы керек екенін үйретіп отырған. Мысалы: егер біреу бүйірін таянса немесе шашын жұлса қасындағылар әйелдердің жоқтау айтуын көзіне елестетеді де көңілдері бұзылады. Сондықтан әр қимылдың өзіндік бір орны болатыны адамдарға осындай тыйымдар арқылы түсіндіріліген.

Аузыңды қолыңмен жаппа – не закрывай рот руками;

Аяғыңды жоғары көтерме – не поднимай ноги высоко;

Аяқ-қолыңды жіппен байлама – не связывай свои руки и ноги;

Басыңды босағаға беріп жатпа - не ложись головой в сторорну порога;

Басыңды шайқама – не мотай головой;

Бетіңді баспа – не закрывай лицо;

Бүйіріңді таянба – упирайся в бедра;

Екі езуіңді керме – не растягивай пальцами рот;

Қолыңды артыңа айқастырма – не скрещивай руки на спине;

Қолыңды желкеңе қойма – не клади руку на шею;

Қолыңды қалтаңа салып тұрма – не держи руки в карманах;

Қолыңды сілікпе – не махай рукой после мытья;

Қолыңды төбеңе қойма – не ставь руки на голову;

Мойныңа белбеу салма – не клади ремень на шею;

Саусағыңды айқастырма – не скрещивай пальцы;

Таңдайыңды қақпа – не цокай;

Тісіңді қайрама – не скрипи зубами;

Тізеңді құшақтама – не обнимай колени;

Тырнағыңды тістеме – не грызи ногти;

Шашыңды жұлма – не рви на себе волосы;

Шашты таптама – не наступай на волосы;

Шашты отқа тастама – не бросай волосы в огонь.

11. Киімге байланысты тыйымдар

         Киімге қазақтар ерекше көңіл бөлетін болған. Адамның талғамын, қоғамда алатын орны мен мүмкіншілік деңгейін көрсеткіші киім болған. Әрі киім киіс адамды адам етуге, тазалыққа, кісілікке тәрбиелейтін құрал болған.

Аяқ-киімді төңкерме – не переворачивай обувь;

Аяқ киімді төрге шығарма – не клади обувь на почетное место в доме;

Бас киіміңді босағаға ілме – не оставляй головной убор у порога;

Бас киіммен ойнама – не играйся с головным убором;

Бас киімді біреуге сыйлама – не дари другому свой головной убор;

Бөркіңді теріс қаратып киме – не одевай головной убор задом наперед;

Киіміңді желбегей жамылма – не набрасывай на себя одежду как-попало;

Киімнің жағасын баспа – не наступай на воротник;

Мойныңа белбеу ілме – не вешай на шею ремень.

 

12. Дінге байланысты тыйымдар

            Дінге деген көзқарас әлемге деген көзқарасты білдірген. Адамның осы бір әлем теңізінде тамшының тамшысындай пенде екенін, адам мен табиғаттың біртұтас екенін ұмытпауы үшін ақылды адамдар осы тыйымдарды ойлап тапқан.

Айтта кір жума – не стирай белье в пост;

Құранды баспа – не наступай на коран;

Құранды жерге тастама – не оставляй коран на земле;

Құранға отырма – не садись на коран;

Құбылаға қарап дәрет сындырма – не опорожняйся в сторону Мекки;

Намазды бөлме – не перебивай молитву.

 

13.  Өлім-жітімге байланысты тыйымдар

Адамның қайтыс болуына байланысты тыйымдар адамдардың осындай қиын жағдайда пендешілікке салынбауы үшін айтылады.

Бейуақытта адамға көңіл айтпа – не высказывай соболезнование вечером;

Бейітке қолыңды шошайтпа – не показывай пальцем в сторону кладбища;

Бейіт тұсынан шауып өтпе – не скачи на коне мимо кладбища;

Қайтыс болған кісінің қабірін баспа – не становись на могилу;

Мүрдеде күректі екінші адамға қолмен берме – при захоронений покойника не передавай лопату из в рук руки;

Өлген адамға топырақ салғанда, күректі табаныңмен баспа – при захоронений не наступай на лопату.

 

14. Бесікке байланысты тыйымдар

            Бесікке деген көзқарас балаға деген, болашаққа деген көзқарас екені белгілі. Сондықтан нәрестенің дүниеге нәрестенің келуін ең басты қуаныш деп танитын қазақтар үшін бесік тұрмыстағы ең киелі зат.            

Бесікті ашық қалдырма – не оставляй колыбель открытой;

Бесікті аяқ астына тастама – не оставляй колыбель без присмотра;

Бесікті көрінгенге берме – не давай колыбель кому-попало;

Бесікті сатпа – не продавай колыбель;

Бос бесікті тербетпе – не раскачивай пустую колыбель.

 

15. Жамандық жасамау туралы тыйымдар

            Дала халқы ғасырлар бойы өмірдің елегінен өткен заңдар бойынша өмір сүреді. Ол заңдар барлық адамға түсінікті әрі мәңгілік. 

Біреудің затын сұраусыз алма – не спросивши не бери чужую вещь;

Біреуге ор қазба – не рой другому яму;

Біреуді ұрма – не бей другого человека;

Ұрлық жасама - не кради.

 

16. Табиғатқа байланысты тыйымдар

         Табиғатты Отанындай көріп анасына Табиғат ана деп теңеп айту қазақтарда бұрыннан қалыптасқан. Бұл табиғаттың адам өмірінде алатын орнының құндылық деңгейін көрсетеді.

Жалғыз ағашты кеспе – не руби одинокое дерево;

Жер таянып отырып тамақ ішпе – не ешь опершись рукой на землю;

Жыңғылмен атты қамшылама – не погоняй лошадь гребенщиком;

Көгалды таптама – не топчи поляну,

Көкті баспа – не наступай траву.

 

  P.S. Пайдаланылған әдебиеттер:

Кітаптар: «Көңіл-күй лебіздерін білдіретін сөз орамдары» Алматы, 2007, Әбілғазы «Түркі шежіресі», Алматы, 1992, «Батырлар жыры» 1-том, 1963, Газеттер: «Қазақ әдебиеті», 23.03.2001, «Болашақ», №45,2005. Және автордың жинап-тергені.

 

                                                                                               

БЕРДАЛЫ ОСПАН, мәдениеттанушы

Просмотров: 1004 | Добавил: rgk | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Февраль 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • База знаний uCoz
  • Copyright MyCorp © 2024Создать бесплатный сайт с uCoz