Пятница, 10.05.2024, 18:35
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 42
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2014 » Апрель » 29 » БІЗ ОСЫ БЕКТАЕВТЫ БІЛЕМІЗ БЕ?
12:38
БІЗ ОСЫ БЕКТАЕВТЫ БІЛЕМІЗ БЕ?

БІЗ ОСЫ БЕКТАЕВТЫ БІЛЕМІЗ БЕ?

Автор  
Оцените материал
(0 голосов)
 
 
БІЗ ОСЫ БЕКТАЕВТЫ БІЛЕМІЗ БЕ?
 

“Рейтинг” газетін көсеу етіп отырған жоқ па?

Оңтүстік Қазақстан облысын «Техас» деп атайды. Бұған намыстансақ та, намыстанбасақ та, осылай екені рас. Дегенмен, өз басым ОҚО-ны «Техас» емес (өйткені, Америка Құрама Штаттарына бізге жету қайда!), «Гасконь» деп атар едім. Неге дейсіздер ғой?! Біріншіден, Америкаға қарағанда, Франция бізге едәуір жақындау. Екіншіден, облысымызда қалыптасқан жағдай көбіне атақты Александр Дюманың кезіндегі Францияны көз алдымызға елестетіп, еске түсіреді. Өз д'Артаньянымыз (В.Нарижный?), «сұр кардиналымыз» (Әли Бектаев?) және «миледиіміз» («Рейтинг» газеті?) де табылатын тәрізді.

Сонымен не керек, әділдік іздеп жүрген д'Артаньянның бет алысы «сұр кардиналға» ұнамай, Ришелье оның соңынан шелек даңғырлатып жіберуді армандайды. «Сұр кардиналымыз» көп мәселеге ашық араласа алмаған соң, өзінің сенімді шпионы – миледиді іске қосады. Ал, мың құбылған миледи (Анна де Бейль де сол, леди Кларик те сол, баронесса Шеффилд те сол, Шарлотта Баксон да сол, графиня де Ла Фер де сол, леди Уинтер де сол) д'Артаньянның әр басқан ізін аңдып, оған қара күйе жағумен айналысуды қоятын түрі жоқ.

Мінеки, қысым көрген білікті дәрігер В.И.Нарижный өз құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа және Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путинге ашық хат жазды. Өз хатында айналасындағы қалыптасқан психологиялық ахуалға наразылығын білдірген медицина маманы дәрменсіз күйге түскенін және қатар жатқан екі ел тұтқасын ұстаған азаматтардан араша іздеп отырғанын алға тартты. Несі бар, еліміздің Ата Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының кез келген азаматы хат жазуына және билік басындағы лауазым иелеріне қолқа салуына құқылы. Тек осы құқықты облысымыздың бұрынғы бас идеологы, қазіргі «жасырын идеологы» Әли Бектаев мойындағысы келмей, Владимир Ивановичтің хаттарына ыстықтап жүргенге ұқсайды. Олай ойлауымыздың бірден-бір себебі, Бектаевтың айтқанына құлақ асатын «Рейтинг» газеті қайта-қайта Нарижныйды сынаумен келеді.

5-2-14-62014 жылы қаңтардың 13-ші жұлдызындағы №1 (254) санында жарық көрген «Елбасыға сенімсіздік таныту ма?..» деп аталатын бас мақаласында бұл басылым В.Нарижныйды тағы бір түйреп алды: «Шымкенттік дәрігердің Ресей президенті Путиннен саяси баспана сұрап, ашық хат жазғанын сала басшылары қызықтап қарап отыр. Мемлекет басшысынан араша іздеп, Ақордаға ашық хат жазатын азаматтар аз емес. Бұл заңды да, – деп мойындай отырып: – Конституция бойынша Президент еліміздегі азаматтардың құқықтарының нышаны әрі кепілі болып табылады», деп данышпансиды. Еліміздің Ата Заңын шала-пұла оқып, оқырмандарды адастыруға әуес болған «Рейтинг» газеті кімге ақыл айтқандай. Қазақстан Республикасының Конституциясын тағы бір ашып оқуға ерінген басылым журналистері ондағы тұжырымдардың өзін түсіне алмай, осы жерде мәнін теріс айналдырып жіберген жоқ па, қалай?!. Қалай болғанда да, Ата Заңымыздың 40-бабы 2-тармағын толық келтіруді орынды санаймыз: «Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі».

Одан кейін мақала жазбагері: «Н.Назарбаевтың атына ашық хат жазумен шектелмей, артынша Ресей президенті Путиннен саяси баспана сұраған атышулы мәлімдеме жасау нені білдіреді?.. Ел аман, жұрт тынышта Путинге хат жазып, саяси баспана сұраған кім?» деген сауалдарды судыратады. Біздің түсінбей отырғанымыз, сонда Владимир Нарижныйдың Владимир Путинге хат жолдағанынан құты қашып, үрейге берілген «Рейтинг» газеті ме, облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев па? Бұл сауалға, әрине, мақала ішінде ешқандай жауап жоқ.

Өз басымыз халық тығыз шоғырланған Оңтүстік өңірінен кім қайда хат жазып жүргенін аңдып отыруға зауқымыз да, уақытымыз да жоқ. Оның үстіне, әр адамның азаматтық құқығы емес пе – Путинге хат жаза ма, Обамаға ма, әлде көршілес Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге ме? Онда тұрған не бар? Жоқ, мұнымен «Рейтингтегілер» келіспесе керек: ««Жер астынан жік шықтының» керін келтіріп, елдің бірлігін, ұлттар татулығын көп айтатын Елбасының саясатына сызат түсіріп жүрген адам – шымкенттік дәрігер Владимир Нарижный», дейді олар.

Міне, гәп қайда! Өзінің ашық хатында өз жеке басының мәселесін қозғаған, бір жерінде «орыс», «қазақ» деген сөз айтпаған В.И.Нарижный ел бірлігі мен ұлттар татулығына қалай «сызат түсіріп» жүр екен? Ал, Нарижныйдың мұндай жол таңдауына мәжбүр еткен медицина «майталмандары» «Рейтинг» газеті айтып отырған: «елдің бірлігін, ұлттар татулығын көп айтатын Елбасының саясатына сызат түсіріп жүрген...» жоқ деп айтуға келер ме екен? Осыны ойланайық, ағайын!..

«Рейтинг» газетінің мақала тақырыбына шығарған «Елбасыға сенімсіздік таныту ма?..» сөздеріне назар аударатын болсақ, Елбасыға сенімсіздік танытып отырған сол басылымның өзі емес пе екен деген ой мазалай бастады. Өйткені, біз тілге тиек еткен мақаланың қақ төбесіне «Мұрагер» айдарымен «Қасым-Жомарт Тоқаев» деп аталатын тағы бір мақаланың әлқиссасын келтіріп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың мойнына Қазақстан Республикасы Президентінің төсбелгісін тағып тұрғанын бейнелеген фотоколлажды келтіреді. Мұндай саяси ойынның артында кім тұрғанын айта алар ма екен «Рейтинг» газетін жарыққа шығарушылар?

Әсет ӘССАНДИ.

PS. – Сіз нағыз әзәзілдің өзісіз! – деді миледи сыбырлап. – Бәлкім, солай да шығармын, бірақ тым болмаса бір ғана нәрсе есіңізде болсын: герцог Бекингэмді өзіңіз өлтіресіз бе, әлде басқа біреуге өлтіртесіз бе, – онда менің жұмысым жоқ: мен оны білмеймін, мұның үстіне ол ағылшын, бірақ жанымдай жақсы көріп, ұдайы қорғаштап жүретін адал досым д'Артаньянның басындағы бір тал шашына да тимейсіз, әйтпесе, әкем марқұмның аруағымен ант етейін, осы істейтін қылмысың ең соңғы қылмыс болады! – Д'Артаньян мені қатты мазақ етіп қорлады, д'Артаньян өледі! – деді миледи ысылдап. – Сізді тіпті жалпы мазақ етіп қорлауға бола ма өзі, сударыня? – деді Атос мырс етіп. – Ол сізді қорлаған екен, енді өлуге тиіс пе? – Ол өледі, – деді миледи қайталап. – Әуелі көңілдесі сосын өзі өледі. Атостың көзі қарауытып сала берді. Әйелге тән ешбір қылығы жоқ осынау сұрқияның мына түрі жаны қиналатын бір жәйттерді есіне түсірді. Ол ілгеріде, қазіргіден қауіпсіздеу бір кезде, осы әйелді өзінің ар- намысының құрбаны етпек болғанын есіне алды; ол оны тағы да табанда өлтіргісі келіп кетті, тіпті өзіне өзі ие бола алар емес. Ол орнынан тұрып, белдігіне қыстырулы пистолетін алып, шүріппесін ашты. Өліктей қуарып кеткен миледи айқайламақ болып еді, даусы шықпай қалды, сіресіп қалған көмейінен адам даусына мүлде ұқсамайтын, түз тағысының ырылдағаны сияқты бір қырыл естілді; шашы қобырап, қара көлеңкеленген қабырғаға жабысып тұрған әйелдің зәре-құты қалмаған еді. 

Просмотров: 492 | Добавил: rgk | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Апрель 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • База знаний uCoz
  • Copyright MyCorp © 2024Создать бесплатный сайт с uCoz