Суббота, 11.05.2024, 00:59
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 42
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2015 » Февраль » 6 » Әйелдің қуаты
09:30
Әйелдің қуаты
 
Әйелдің қуаты 
Әр әйелдің қуаты түгесілетін мезгілі болады. Әйелдің қуатын еселейтін тәсілдер туралы сөз қозғасақ. 

1. Массаж. Уқалау маңызы. Әйелдің тәні үнемі қозғалып, қимылдап тұруы керек. Әйтпесе, қуаты бір жерде тұрып қалып, денені ауру етеді. 

2. Шаштаразға бару. Әдемі шаш тек көңіл көтеру емес. Әйелдің шашы оның ойының айнасы іспетті. Шаш әйелдің көркі. Оған ерекше күтім керек. 

3. Маникюр. Әдемі қолдарды сүйе бергің келеді! Дейді екен ерлер қауымы. Қызыл түсті лак жағылған тырнақтар жетістік пен сұлулықты тартады екен. 

4. Өзге әйелдермен араласу. Өзара қуат алмастырудың мәні бар. Еркекке өзін тануға тыныштық керек. Әйелге керісінше сөйлесу қажет. Өзге әйелдермен әңгіме-дүкен құру арқылы өзін тани түседі. 

5. Ұзақ сөйлесу керек. Телефонмен болса да. Бұл уақыт өлтіру емес. Сөйлесу - әйелге керекті қуат көзі. Сөз әйелдің ішінде жиналып қалады. Соны шығармаса, еріне қиын болады. Күйеуге сөйлеу жақсы амалдардан емес. 

6. Серуендеу. Әйел күніне бір рет болса да сыртқа шығып, таза ауамен тыныстауы керек. Отбасының ұйытқысы әйел десекте, оған табиғатпен қарым-қатынас өте маңызды. 

7. Музыка. Күнделікті саз тыңдау қажет. Дәстүрлі, классика. Жалпы ұнайтынын тыңдай беріңіз. Таңертең шай ішкенде құлақ құрышын қандырар саз тыңдауды әдетке айналдырыңыз. 

8. Сұқбаттасу мен ойлану үшін күрделі тақырыптарды айналып өту. Әйелге кейде ұшқалақ болып, әр түрлі ұсақ-түйекті ойлау пайдалы. Кішкентай қыз сияқты көріну оған жеңілмес жастық шабыт сыйлайды. Әсіресе, іскер әйелдер үшін осы қабілет маңызды. Жұмысты жұмыста қалдырып, үйге тек қуаныш әкеліңіз. 

9. Түрлі шөптесіннің жұпарларын, майларын қосып суға түсу. Бұл еркелік емес, қажеттілік! Тәніңізге көңіл бөлсеңіз, артынша өзіңіз таңданарлық жағдайға көз жеткізесіз. 

10. Медитация. Бұл нәрсе кез келген босаңсыту үдерістері іспетті нәзікжандылардың өзіне тән қуатын арттырады. Күнделікті ұйқы алдында медитация жасау керек. Табиғат аясында жасалатын медитация да пайдалы. 

11. Ән салу сабағы. Ән салу тамақтың чакрасын ашады. Ән салған адам ұрысқысы келмейді. Ерлерге деген мейірім оянады. Баяғы замандағы Спартада әйелге арнап айтылар мақтаудың бірі «ән сияқты екен» деген сөз болыпты. 

12. Дүкен аралау. Жаңа заттарға көз салу ғана емес. Ақша жоқ болса да дүкен аралау керек. Кей киімдерді киіп көріңіз. Өз сымбатыңызға сүйсініңіз. Әйелдің қуаты шексіз екенін есте сақтаңыз. Кейбір затты жәй ұстап көру ғана жеткілікті. Көп ұзамай ол сіздің қолыңызға түседі. Оны алатын ақша да өз-өзінен пайда бола кетеді. 

13. Психологқа қаралу. Міндетті түрде дәрігеріңіз әйел болсын! Көргені мол, тәжірибелі әйелдің сізге айтар ақылы көп болмақ. Қазіргі қиындыққа басқаша көзбен қарауға үйретеді. Даналық жасы келген әйелдерден беріледі. Сондықтан аналармен, әжелермен араласу, олардың сөзін тыңдау маңызды. 

14. Билеу. Әйелдің қуаты мен тартымдылығына септігі мол. Әсіресе, арапша билер, латын билерін меңгеру қызық. 

15. Йога. Йогамен шұғылдану сананы тынықтырып, күш береді. Мүмкін болса тұрмыс құрған әйелден сабақ алған дұрыс. Ер адам ұстаздық етсе, онда ол тек салмақ салуға басымдық береді. Қуатты нәрлендіруді үйрете алмайды. Себебі, ол ер адам. 

16. Үнемі құрбылармен бастаңғы жасау. Бірге жиналған кездерде әйелдердің қуаты артады. Қуат алмасады. Жетіспей тұрған қабілет ашылады. 

17. Гүл өсіру. Үйде гүл өсіруді қолға алу. Бұл да әйел қуатын күшейтетін тәсіл. Гүл ашқан өсімдік әйелге ұқсайды. Оны өсіру әйелдің де қуат-күшін арттырады. 

18. Күйеуі бар құрбылармен араласу. Күйеуге шыққысы келетін қыздарға маңызды. Отбасы қуаты өте басалқы қуат көзі. Тек отбасылы құрбылар жиналатын кездесулерден бас тартудан асықпаңыз. Мұндай кездесуден соң сізге көңілі ауатын жігіттер кездесіп қалуы мүмкін. Түнгі клубта уақыт өткізуден гөрі отбасы мерекесіне бару пайдалы. 

19. Көмек. Қол ұшын созу немесе көмек сұрау. «Мен өзім» деген ұстанымнан бас тартыңыз. Бұл ерлерге тән мінез. 

20. Кітап дүкеніне жиі бару. Кітап толы сөрелерді аралау әйелге күш-қуат сыйлайды. Апта сайын дүкенге баруды әдет қылыңыз. Әйел – білім сақтаушысы. Ал, кітап – білім бұлағы. Дұрыс кітаптарды таңдаңыз. Әйелдің санасын жетілдіретін кітаптарға көңіл бөліңіз. 

21. Ерлерден көмек сұрау. Кез келген қамқорлық әйелді нәзіктендіре түседі. Тәжірибе жасап, бейтаныс азаматқа сөмкеңізді көтерісуді сұраңызшы. Көңіл күйіңіз - 100% көтеріледі!

22. Оқу. Жақсы кітап оқыңыз. Адамдардың тағдыры туралы кітаптар көп әсер етеді. Өзгенің тағдырына қарап өзіңді жақсы түсіне бастайсың. 
23. Үйдегі міндеттерді бөлісіп істеу. Жақындарыңызға кей міндеттерді бөліп беріңіз. Сеніп тапсырыңыз. 

24. Аспаздық. Тамаққа қатыстының бәрі әйел қуатын күшейтеді. Әйел – асхананың қожайыны. «Қатын қайраттанса, қазан қайнатады» деп бекерге айтылмаса керек. Әйел тамақтандырып, ас-су беруге шебер. Ттамақ піс іре алмайсыз ба? Үйреніңіз. Білсеңіз – ас мәзірін байыта түсіңіз. Ббасқа елдің асханасын зерттеп, зерделеңіз. Махаббатпен ас даярлау қуаттандырады. 

25. Үй – жәй ғана пәтер емес. Үй мен әйелдің ортасында ерекше байланыс орнайды. Сықырлаған есіктер, тырс-тырс тамған су әйелдің қас жауы. Әйел үшін бұл салақтық қана емес, оның күшін жұтып қоятын түпсіз тесіктер. 
Дегенмен, мұндай ұсақ-түйекке еркекті мазаламай-ақ қойса балады. Неге? Еркек ауқымды ойлайды. «Бүкіл кафель жарамсыз болып қалғанда бәрін тұтас ауыстырам. Текке қабырғаны сылай бергеннен не шығады» деп. Ұсақ-түйекті жөндеушіге жасата салуға болады. Ббірақ күйеуіңізге оның қолы тимегендіктен жасатып қойғаныңызды ескертіңіз. Еркектің өзін бағалауы өте нәзік тақырып. 

26. Жоспарлау. Бітпеген іс пен күдік әйелді бұзады. Оған нақыт жоспар керек. Өзінің қуатын сақтаудың басты шарты. Ұсақ-түйекті жоспарлап үйреніңіз. Содан кейін айларға, жылға жоспар құрып дағдыланасыз. Ертең кешке не істейсіз? 

27. Мерекелік кеш немесе шырақ жағып керемет кешкі ас ұйымдастыра білу керек. Бұны сүйіктісінен гөрі әйел өзі үшін көбірек жасайды. Ерінің қызығушылығын арттыруға осылай тосынсый жасап тұрған артық емес. Сыйқырлы сәттерді сыйлай біліңіз. Өзіңізді де, жақындарыңызды да қуанта білу ғажап қой. 

28. Баланы оқыту, тәрбиелеу. Баланы тәрбиелей жүріп әйел өз қуатын күшейтеді. Баламен қосылып ойнағаннан қашпаңыз. Қолыңыздан келген нәрсені үйретіңіз: сурет салу, ән айту, билеу. 

29. Әртістік сабағы. Әйелдің әлемі – көңіл күй сахнасы. Сахнада түрлі рөл сомдап жүріп, өзіңді жақсы түсініп қана емес, әр түрлі жаман әдеттен арылып, жақсыға бой үйретуге болады. 

30. Табиғат аясына сейіл. Достармен шығу шарт. Әйел қуатын көтеретін бірнеше себеп бар: бірігу, табиғатта серуендеу, ас даярлау. 

31. Макияж. Өзіңе күтім жасау. Еркекке ұнау үшін емес. Ең алдымен өзіңе ұнау үшін. Үйде жүргенде неше түрлі шаш үлгісін жасап көру, боянып тәжірибе жасау, әдемі көйлектерді киіп көру, айна алдында өзіңді керемет сезіну әйелге ләззат сыйлайды. 

32. Гүл сыйлау. Өзің гүл сыйлау. Қуат-күшті өсіретін бір себеп ол – гүл. Гүл әйелді көріктендіре түседі. Олар бірден барлық жағымсыздықты жояды. Әйелдің бойындағы ашуды бойына сіңіріп алады. Сондықтан көңіл-күйіңіз түссе, жылауға асықпаңыз, өзіңізге гүл сыйлаңыз. 

33. Көйлек пен белдемше. Мқұндай киім үлгісі әйели қуатты нәрлендіреді. Нәзік етеді. Алғашқы жеті кездесуге шалбар киюге болмайды деген шарт бар. Әрине, егер ол адамда ойыңыз болса. Үнемі шалбар кию әйелдің жыныс мүшелеріне кері әсер етіп, дертке шалдықтырады. 

34. Жас аналар клубы. Балаңыз жас болса, сондай баласы бар аналармен араласыңыз. Бұл тәжірибе алмасу ғана емес, қуат алмасу. Ана болу Айға айналу, ал айдың нұрына шомылу әйел қуатын еселейді. 

35. Балаға қамқорлық. Күйеудегі құрбыңыз баламды қарап бер десе, басыңызды алып қашпаңыз. Қамқорлық таныту әйел үшін қуаттану бастауы. Ең бастысы, еркекке бала сияқты қарамау. 

36. Қол жайғандарға нан беру. Қайырымдылық – жақсы қасиет. Ол айдан алатын қуатты күшейтеді. Жұрттың бәріне көмектесу шарт емес. Сіз қуаныш сыйлай алатын адам жаныңыздан да табылар. Жалғызілікті көршіңізге жеміс апарып беріңіз. Жолы түскен қонаққа дастарқан жайыңыз. 

37. Араласу. Әйелге өзгелермен араласпай қалу өте қиын. Әңгімеден күш алады. Тек айтылатын әңгіме өсек емес, тәуір әңгіме болғанын қадағалауды ұмытпағайсыз. 

38. Романтикалық кино. Құрбыңызбен бірге киноға баруға келісіңіз. Махаббат туралы жақсы кино әйел үшін ұтымды пайдаланған уақыт болмақ. Бірақ оны басқа әйелдермен бірге көрген қызық әрі пайдалы. 
39. Жжаңа мәдениетті зерттеу. Адамның танымын кеңейтеді. Әйелге іште сыр сақтай бермей, өз әлемінен сыртқа шығуға итермелейтін әдіс. Әйел қуаты сыртқа шығуы тиіс. Оны қолдан алтын торға қамай берген жөн емес. 

40. Қайнар бұлақ. Өзен, көлдегі демалыс – қуатыңды күшейтудің керемет тәсілі. Су – әйелдің тартымдылығының негізі, оның өзімен үйлесімділігін арттырады, жағдайға бейімділігін еселейді немесе ойын ашық айтуға бейімдейді. Ежелгі гректер Афродитаның ғибадатханасында сұлуларды суға жүзуді үйретуді міндет санаған. 

Аударған Шынар Әбілдә

Просмотров: 503 | Добавил: rgk | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Февраль 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • База знаний uCoz
  • Copyright MyCorp © 2024Создать бесплатный сайт с uCoz