Пятница, 10.05.2024, 20:54
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 42
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2014 » Апрель » 29 » КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
12:41
КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz»  сайты үшін

Құрметті Гүлнар Сүлейменқызы, ең алдымен «www.ardaktylar.kz» ұлттық сайтының ұжымы, сізді бесінші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып екінші мерзімге қайта сайлануыңызбен құттықтайды! Бұл сіздің еңбегіңіздің бағаланғаны, ел сеніміне ие бола білгеніңіздің айғағы деп білеміз. Тәуелсіз Қазақстанның игілігі, өсіп-өркендеуі жолындағы еңбегіңізге табыс, отбасыңызға бақ-береке тілейміз!

 

-Өткен мерзіміңізде де халық қалаулысы бола жүріп, осы тек мемлекеттік тілді «www.ardaktylar.kz» ұлттық сайтымыздың атқарып отырған жұмысына оң бағасын беріп, келешегіне сенім білдіріп, алғашқылардың бірі болып қолдау көрсеткен жанашырымыз деп білеміз. Ал, бұл сайт оқырмандарының, материалдарын тұтынушылардың басым бөлігі мектеп оқушылары, студенттер екені бізге белгілі. Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қай жерлерде болмасын жастармен кездесулерінде «Бүгінгі қабылданып жатқан түрлі бағдарламаларды жүзеге асыратын бүгінгі жастар болады» деп айтып келеді. Осы орайда алдымен осы жастарымыздың қоғамдағы рөлі туралы сіздің пікіріңізді естісек?

Жастардың қоғамдағы рөлі зор болуы тиіс. Жас азаматтар мемлекеттік және қоғамдық өмірге белсене қатысса, елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жаңарулары да тез болады. Мемлекетімізде бәсекеге қабілетті жастардың ұрпағы да тез жетіледі. Сондықтан, жастар елдегі жүргізіліп жатырған әр түрлі реформаларға, бағдардамаларды орындауға ат салысуы тиіс. Қазақ мемлекетінің даңқын шығаруда үлкен рөл атқаратын салаларды – спортты, мәдениетті, ғылымды дамытуда да қазақ жастарының ұмтылысы, араласы, жеңісі зор болса, ел рухы көтерілер еді.

 

-Өзіңіз де жас болдыңыз ғой. Сіздің еңбек жолыңызды қарасақ, жастық шағыңыздан бастап жауапты, басшылық қызметтерді атқарып келесіз. Міне, екінші рет ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайландыңыз. Осындай жетістіктерге қалай жеткеніңіз, ол үшін адам бойында қандай сапа қасиеттер болу керектігі жөнінде біздің жас оқырмандарымызбен сыр бөліссеңіз?

Мені кішкентай кезімнен әке-шешем еңбек етуге баулыды. Қай салада қызмет жасасаң да, тек өз еңбегіңмен нәтижеге қол жетуге болатынын жас кезімнен үйретті. Сондықтан құрылыста болсын, жауапты басшылық қызметте болсын тек өз біліміме, еңбегіме ғана сеніп келемін. Қандай қызметте болмасын қарапайымдыққа, елдің пікірін, ұсыныстарын ескере қызмет етуге ұмтылып келемін.

 

-Қазақ халқы – болмысынан турашыл, адал, жомарт, батыр, қайсар, өжет ел. Басына қиындық түссе, қыңқ етпейтін тәубешіл, бүгінгі барына шүкіршілік ететін қанағатшыл халық! Бірақ, өкінішке орай, соңғы жылдары жастарымыз сондай өмір-салтынан ауытқып, бейбіт адамдардың қазаларына әкеп соқтырған сулы оқиғаларға, атап айтсақ Жаңаөзенде болып өткен бейберекетсіздіктерге, Қарап, Атырау қалаларында орын алған атыстар мен жарылыстарға жол беріп, араласуының басты себебі не деп ойлайсыз? Бұл оқиғалар турасында жастарымызға не ақыл айтар едіңіз?

  1. Әрине, осы оқиғалардың болуының ең басты себебі – ұлттық компанияның әр түрлі деңгейдегі басшыларының халықтан, өз жұмысшыларынан алшақтағаны, олардың мұң-мұқтажын түсінбейтіндігі, тіпті түсінгісі келмейтіндігі себеп болды деп айтамын. Соның салдарынан 7 ай бойы мұнайшылар мәселесі шешілмеді, біздің айтқан ұсыныстарымыз ескерілмеді.

Алғаш рет тәуелсіз Қазақстан тарихына қайғылы беттер жазылды. Оқиғаның салдары адам өліміне алып келді. Мұны ешқандай себеппен түсіндіре алмайсың. Сонымен бірге, осы оқиға кезінде біздің кейбір жастарымыз тарапынан өздерінің жерлестерінің үйлерін, бизнестері орналасқан ғимараттарды өртеп, заң талаптарын бұзғаны да өкінішті-ақ. Сондай-ақ, бұл жасалған іс-әрекеттер көңілге әркімдердің өз пайдасын шешу үшін жастарды пайдаланып кеткен жоқ па екен деген ойды да туындатады.

       Осы оқиғадан туындайтын ең басты қорытынды, үлкен-кіші кәсіпорындарда, компанияларда ұжым мүшелері тарапынан айтылатын ұсыныстарды, сындарды шешу жолында үнемі байланыстың болу керектігі және сол кәсіпорындардың басшылары тарапынан мәселені ушықтырмай, шешу жолында нақты шаралар алуға немесе түсінік жұмысын жүргізуге бағытталған ниеттің болуы керектігі, сонымен бірге, біздің жастарымызға өз талаптарын қойып, қорғауда да құқықтық сауаттарының болу керектігі, сабырлықпен заң аясында жұмыс істеуге  үйренудің де керек екендігі болып табылады.

       Жастар ұйымдары тек Астана мен Алматыда әр түрлі «пиар» компаниялар жүргізумен айналысқаннан гөрі, жастар проблемаларын зерттеп, ұсыныстарын дайындап, тиісті орындарға шешу үшін ұсынып отырса, жақсы болар еді. Аймақтарда жүйелі жұмыс істейтін жастарды соңына ерте алатын жастар ұйымдары болса, жастар басқа діни секторларға мүше болмас еді.

       Сондықтан жастарымыздың өз ойын айта алатын, азғырғанды ажырата алатын сауаты бар, ерінбей еңбек ететін талабы бар, ойлап әрекет ететін саяси түсінігі бар болса деп армандаймын.

 

-Халқымыз – анасын ардақтаған, қызын ұлға балап аялаған, жақсы сөз айтып көңілін тасытқан елміз. Әйел кеңдігі жөніндегі мәселе қашанда назардан тыс қалған емес. Әсіресе соңғы кездері «еркектерге қарағанда, әйел басшылар көп болса, еліміздің ісі тауға өрлейтін еді» дегенге саятын пікірлер жиі айтылып жүр. Бұл тұрғыдағы Сіздің ойыңыз қандай?

Жалпы, әйелдер іске араласса, тәртіп болатыны сөзсіз. Олар өз ісін ыждаһатпен атқарады, жемқорлыққа көп бара бермейді, жинақтылық пен жауапкершілікті бірінші орынға қояды деп есептеймін. Бірақ әйелдерді басшы қылып қоюда, ең бірінші талап - оның іскерлігі, біліктілігі, білімі, ұйымдастыру қабілеті, ана тілді білуі сияқты қасиеттердің оның бойында болуы. Сонда ғана ол, ер адамдардан артық болмаса, кем жасамайды деп ойлаймын.

 

 -Әңгімеміздің соңында, өмірде көп жетістіктерге қол жеткізген, атыңыз көркіңізге сай нәзік жанды ретінде, өсіп келе жатқан қазақ қыздарының бүгінгі болмысы қандай болуы керек деп есептейтініңізді айта кетсеңіз?

ХХІ ғасыр – білімнің заманы. Сондықтан, мен қазақ қыздарының ең бірінші, білімді, инабатты, ұлттық құндылықтарымызды сыйлайтын, ана тілімізді, әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді жетік білетін, қазақы мінезді болғанын қалар едім.

       Қазақ тарихында ата-бабаларымыз әйелдерді, қыздарды сыйлаған, беттеріне паранжа кигізбеген, ерлермен бірге атқа мініп, ел мүддесін қорғауға да қатыстырған. Апаларымыз да осы құрметке лайық болған.

       Бүгінгі сіңлілерімздің бойынан қазақтың намысына, арына тиетін жаман әдет пен қылықтар аз болса деп тілеймін.

Пікірлер

Қамбаров Даулет15.12.13 18:13

Құрметті Гүлнар Сүлейменқызы қазіргі таңда елімізде жоғары оқу орындарын бітірген жастардың 70 пайызы жұмыс таппай қаңғырып жүр ауыл мен қалада, осындай қиын заманда жастарымыз жұмыс таппай сандалып жургенде келешек қалайша жастардың қолында болмақ? екінші мәселе елімізде зейнетке шыққан кісілердің 20 пайызы жастарға орын бермей отырып алған жаксы жаксы мекемелерде т.б.с.с, кімнің кокесі бар солар жұмыс істеп қара қалық жұмыссыз сорлап жұре беруге тиіспа? үшінші мәселе жастарды жұмыспен қамту орталықтарда жастарды тек қара жұмыспен қамтиды,жастарды жұмыспен қамту орталықтарда жаксы жұмыспен тек қана кокесі-жәкесі бар зейнеткерлерді қамту керекпа? сонда менім айтарым қара қалықтын куйі не болмақ? жастардың куйі не болмақ? 21 ғасыр-білімнің заманы емес жоғарыда отырған ағаларымыздың заманы болдығой сөздің шындығына келсек

Просмотров: 724 | Добавил: rgk | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Апрель 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • База знаний uCoz
  • Copyright MyCorp © 2024Создать бесплатный сайт с uCoz