Пятница, 10.05.2024, 00:14
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 42
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2015 » Февраль » 6 » Сұлу болудың бір сыры
09:39
Сұлу болудың бір сыры

Сұлу болудың бір сыры

Сұлу болудың бір сыры

Қыздардың көбісі «беттің сұлу, таза әрі жұмсақ болуы үшін қымбат косметиканы пайдалану керек» деп ойлайды. Алайда, сұлулыққа қол жеткізу үшін люкс косметикасын қолдану шарт емес. Алдымен, тамақтануға көңіл бөлу керек.

Сұлу болу үшін мына тағамдар көмекшіңіз болады:

1. Сәбіз. Оның құрамында жасушаларды қалыпқа келтіретін бета-каротин бар.

2. Қызанақ. Күн сәулесінен сақтайтын мықты антиоксидантқа бай көкөніс болып саналады.

3. Банан. Көзіңіздің асты жиі күлдіреп тұратын болса, ұйықтар алдында банан жеп алыңыз. Банан сізге ұйқысыздықтан да арылуға көмектесе алады.

4. Сұлы. Сұлу болғыңыз келсе, таңертең сұлыдан жасалған таңғы ас ішіңіз. Ал әжім пайда болуының алдын алу үшін құрамында темір, магний, кальций бар тағам таңдаңыз.

5. Жасымық. Жасымық құрамындағы мырыштың арқасында бетіңіздің түсін жақсартып, оны тазартатын қасиетке ие.

6. Қалақай. Қалақай жапырақтарынан жасалған шай беттің өңін жақсартып, безеуден тазартуға көмегін тигізеді.

7. Жалбыз. Асқазан саулығы мен бет-ажарымыздың бұзылмауы бір-біріне тәуелді екені бәрімізге мәлім. Сондықтан ас қорыту, дұрыс тамақтану аса маңызды. Ас қорытуға жалбыздан жасалған шай көмектесетінін біле жүріңіз.

8. Бөрікгүл. Бұл өсімдікті косметика жасауда қолданады. Бөрікгүл бетіңіздің сергектігіне септігін тигізеді.

9. Қызылша. Қызылшаның құрамында калий, магний, темір, кальций сияқты пайдалы элементтер көп. Сондықтан да диетологтар дұрыс тамақтануда осы көкөністі жиірек жеуге кеңес береді.

10. Қызыл жүзім. Көптеген зерттеулердің нәтижесі бойынша, қызыл жүзім қартаюды бәсеңдететін жемістің бірі екені анықталды.

Ал сіздің осы кеңестерге қосарыңыз бар ма?

Сурет: Анна Мазур, blog.zdorovo.mu

Просмотров: 615 | Добавил: rgk | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Февраль 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • База знаний uCoz
  • Copyright MyCorp © 2024Создать бесплатный сайт с uCoz