Пятница, 10.05.2024, 17:58
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 42
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2014 » Июль » 1 » ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫС ӨТЕ КӨП...
06:27
ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫС ӨТЕ КӨП...

Бұл жерде "кризис" жоқ

 Шымкенттіктердің арасында: «Тәнін саудалаумен шұғылданушылар қайта күшіне мінді» деп жүргендер бар. Осының анық-қанығын білу үшін біз қаладағы «түнгі көбелектер» тұратын біраз жерлерге барып қайттық.

 

Сұлу қыздар жоқ...

11-қаңтар күні түнде Шымкенттегі Республика даңғылының бойын­дағы «Рахат» аялдамасына жақындағаннан екі келіншек бізге қа­рап, біреуі: «Жігіттер, қыз керек емес пе?» – деді. Бізден тиісті жауап алған соң өздерінің қарамағындағы қыздардың біреуі интимдік қызмет үшін сағатына 2 500 теңгені алдын-ала алатынын айтты. «Үйге алып кетсек бола ма?» – деген сұрағымызға әлгілердің жастауы: «Бір қызымызды әкетіп, таңға дейін пайдалансаңыз, алдын-ала 8 500 теңге төлейсіз», – деп жауап берді. Бұлармен сөйлесіп тұрғанымызда үйдің жанында жеңгетайлардың біреуінің сол маңға тоқтаған көлік ішіндегілермен әңгімелесіп тұрғанын байқадық.

Осы кезде әлгі көліктегілермен шүйіркелесіп тұрған жап-жас бойжеткен ондағылармен әңгімесін тоқтатып, біздің алдымызға шықты. Оның да өзге жеңгетайлар секілді қойған дәстүрлі сұрағына басымызды изедік. Осы­дан кейін онымен арамызда әдеттегідей саудаласу басталды. Ақыр соңында екі қыздың әрбірі үшін делдалға 7 500 теңгеден беріп таңға дейін алып кететін болдық. Осы­лай «келісім-шарт» түзіп тұрып, әкететін қыздарымыздың сұлу болуын талап еттік. Осы кезде делдалдың ұнжырғасы түсіп, басын шайқады. Бұдан жеңгетайдың «патшалығында» талапқа сай қыздардың жоқтығын түсініп, бұрылып кете бардық.

 

Әжей де әрекеттеніп жүр

Отыз метрдей алға жүргенімізде жол бойындағы көліктерге такси күткендей қарап бір әжейдің тұрғанын көрдік. Оған жақындап: «Апа, қыз керек еді», – деп айта салдық. Ол кісі қуанып кеткендей болды. «Ойбүй, айналайындар-ау, екі-ақ қыз қалды. Әрбірі сағатына 2 500 теңгеден қызмет көрсетеді, үйге алып кетемін десеңдер, бармайды», – деп сарнап қоя берді ол. «Бізге үйге алып кетуге «свежийі» керек», – дегенімізде кекете күліп: «Армандапсыңдар. Қазір қайдағы «свежий» қыз? Бірақ жас қыздар бар, үйлеріңе апарып неғыласыңдар, осы жерде де жатын орын жетеді. Пәтерге жүріңдер, таңға дейін жатып кетесіңдер», – деп көше жанындағы үйді көрсетті. Біз ол үйге бармайтынымызды айтып кетіп қалдық.

 

«Классикалық», «оральный»...

 

Ал одан кейінгі жолыққан қыздың жанары қасқырдың көзіндей өткір еді. Өзі де жан-жаққа шолып қарап, сұрақ қоя берді.

 

– Жігіттер, қандай қыздар керек? «Оральный» ма, классикалық па?

– Оны қалай түсінуге болады?

 

– «Оральный» барлық «позада» қызмет көрсетеді. Классикалықтары – адам сияқты байланысқа түсетіндері.

 

– Онда классикалық екеуін алып кетсек...

 

– Е, менде «выезге» біреуі ғана бар. Ал екеуі – «палатный».

 

Әлгінің «палатный» дегенін сол маңдағы пәтерлерінде қызмет көрсететіндері деп түсіндік. Сосын іздегенімізді таппағандай сыңай танытып, көшенің қарсы бетіне шығып, кері қайттық. Ол жақта жеңгетайлар көп екен. Бір байқағанымыз, олар көбіне кө­ше бойында сауда орындарына барғандай немесе солардың қызметкерлері секілді әр жерде тұра береді.

 

Моншалар да жұмысын тоқтатпаған сияқты

 

Бұдан кейін біз қаланың «Қошқарата» және Курнаков көшелерінде жүріп қайттық. Алғашында «Қошқарата» көшесі жағында дарбазалардың барлығының жабық тұрғанын көрген едік. Алайда сол арада жүрген Бақтияр деген кісі: «Айналайын, қазір мұн­да жеңгетайлар тарапынан сақтық шаралары қолға алынған. Қыздар моншаның ішінде отырып тірліктерін жасай береді. Бұрынғыдай сыртта өздерін жарнамалап тұрмайды», – деді.

 

Ал Курнаков көшесіндегі моншаларға барғанымызда онда да бұрынғыша интимдік қызмет көрсететін қыздардың барын білдік. Тіпті бір кісіге кешке келетінімізді айтқанымызда ол: «Қорықпай біздікіне келе беріңдер, қожайынның өзі «ОМОН-да» істейді. По­ли­цияға өзіміз жауап береміз», – деп қалды.

 

Облыстық ішкі істер департаменті былтыр ғана аталған көшелердегі моншаларды рейд жасай отырып жапқандарын хабарлаған. Ал біз олардың «жұмысы» тоқтамай тұрғанын байқадық.

 

Сонымен, «түнгі көбелектердің» «жұмысы» тоқтап қалмапты. Олар үйреншікті шаруаларын қызу жүргізіп жатқан сияқты.

 

Н.БОЛСЫНБЕК.

Просмотров: 663 | Добавил: rgk | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Июль 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • База знаний uCoz
  • Copyright MyCorp © 2024Создать бесплатный сайт с uCoz